КГП "Карагандинский областной высший сестринский колледж" управления здравоохранения Карагандинской области
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы.
Адамзат баласының осы заманымызға дейін қол жеткізген ұлы игі істерінің бірі - ол білім. Ол ұрпақтан ұрпаққа ауызша, жазбаша және де әдебиет арқылы тараған десек қателеспейміз. Кітап адамзат баласының рухани байлығы, тарихы, ақыл-ойының жемісі. Кітап - ол алдынғы ұрпақтын кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды.
Кітап – досың, сырласың, ақылшың.
Жастарды кітап оқуға саналы түрде баулу, оқырмандардың оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани байлығын арттыру біздің мақсатымыз.