Тарихи ақпарат
Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі: құрметті жас, даңқты тарих, жоғары білікті оқытушылар мен тамаша студенттер.
Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі 1935 жылдан бастап орта медициналық буын мамандарын даярлайды және Қазақстандағы алғашқы орта оқу орындарының бірі болып табылады. Колледж бастапқыда медбикелер мен акушерлерге арналған 2 жылдық мектеп ретінде ашылды. Колледждің бірінші түлектері 1937 жылы шықты. Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп түлектері өздерінің азаматтық және кәсіби міндеттерін майдан мен майдан ауруханаларында медбикелер ретінде орындады. Қарағанды әскери госпитальдерінің ұжымдары медбике мен акушерлер мектебінің түлектері мен білім алушыларынан құрылды.
Әр жылдары облыстың денсаулық сақтау саласының белгілі ұйымдастырушылары Г.Н.Алалыкина, Г.А.Коломенская, М.И.Раева, С. В. Еронина, Х.Ж.Мақажанов жұмыс істеді.
Елуінші жылдардың басында педагогикалық ұжым Қарағанды медициналық институтының алғашқы түлектерімен толықтырылды. Олардың ішінде: Е. Б. Дүйсембаев-биолог-физиолог; Ш.Ф. Әшімова- тері аурулары пәнінің оқытушысы; С.К. Кайшибаев – неврология пәнінің оқытушысы, қазіргі профессор; А.Сахбаев – анатомия пәнінің оқытушысы, Т.Ш. Шарманов және оның жұбайы К.А.Асқарова кейінгі жылдары Медициналық училищенің оқытушысы.
Колледж түлектері - қаланың белгілі дәрігерлері: хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор О. М. Мадыкенов, облыстық жақ-бет ауруханасының бас дәрігері М. П. Тодорова, стоматологиялық емхананың бас дәрігері Ф. А. Балтабаева және басқалар. Біздің колледждің көптеген түлектері еңбек сіңірген практикалық денсаулық сақтау қызметкерлері болып табылады.
Соғыстан кейінгі жылдардан бастап оқу орнында фельдшер, акушер, санитарлық фельдшер, тіс техниктері, фармацевт, медбике, зертханашы сияқты медициналық мамандықтар бойынша дайындық жүргізілді.
Өз қызметі барысында 86 рет түлектер шығарылды, облыста, республиканың әртүрлі өңірлерінде және ТМД елдерінде еңбек ететін 30 мыңға жуық маман даярланды.
2017 жылы колледж Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі" мәртебесін алды және қолданбалы бакалаврларды даярлауды бастайды.
Колледж "ҚР медициналық колледждер одағы" ЗТБ мүшесі болып табылады.
Қазіргі уақытта колледж директоры - Саттар Маратұлы Әбдіғұлов.
"Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі" КМК:
* "Сала көшбасшысы 2016" алтын қабырға медалімен марапатталған Ұлттық Бизнес-рейтинг одағының Халықаралық рейтингінің алтын жүлдегері;
* "Сала көшбасшысы 2016" Ұлттық сертификатының иегері;
* 2018 жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек туралы Алматы декларациясының қабылданғанына 40 жыл толуына орай мерейтойлық медаль иегері.
* Колледж орта кәсіптік білім беру, орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерді арттыру және қайта даярлау саласындағы білім беру қызметінің сапа менеджменті жүйесінің ҚР СТ ИСО 9001-2009 СМЖ талаптарына сәйкес келетіндігін куәландыратын KZ 0.01.0858 КСС №0021811 сәйкестік сертификатының иегері болып табылады.
2019 жылы колледж мамандандырылған және институционалдық аккредиттеуден, 2022 жылы білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша мемлекеттік аттестаттаудан сәтті өтті.
Білім беру қызметі ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қарағанды облысының Білім саласындағы бақылау департаменті kz23laa00010295 06.10.2017 ж. берген білім беру қызметін жүргізу құқығына мемлекеттік лицензия негізінде келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады:
- 09130100 - «Мейіргер ісі»:
4S09130103 Жалпы тәжірибедегі мейіргер ісі
5AB09130101 «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
3W09130102 «Массажист»
- 09130200 - «Акушер ісі»
- 09880100 - «Гигиена және эпидемиология»
- 09140100 - «Зертханалық диагностика»
- 09160100 - «Фармация»
2023-2024 оқу жылының басына білім алушылар контингенті – 1844 адам.
Педагогикалық ұжым
Бұдан 90 жыл бұрын фельдшерлік-акушерлік мектептің ұжымы құрылды, содан бері біз өңірдің орта медицина қызметкерлерін даярлауда басыңқыболып қала береміз. Ұжым Қарағанды қаласының медицина училищесінің үздік дәстүрлерін сақтауда.
Қазір мамандарды даярлауды жоғары білікті педагогикалық ұжым жүргізеді, оның ішінде медицина ғылымдарының кандидаттары, ҚР Денсаулық сақтау үздіктері, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, практикалық денсаулық сақтауда тәжірибесі бар жоғары білікті санатты оқытушылар, магистрлер.
Кәсіби және педагогикалық жұмыста мол тәжірибесі бар колледж оқытушылары «Тері және венерологиялық ауру», «Реанимация негіздерімен жалпы хирургия», «Пациенттеге арналған жалпы күтім», «Медициналық биология және генетика», «Тері және венерологиялық ауруларға арналған мейіргер ісі», «Гигиена» «Жұқпалы аурулар кезіндегі мейіргер ісі», «Педиатриядағы мейіргер ісі», «Мейіргер ісінің негіздері», «Мейіргер процесін ұйымдастырумен жұқпалы аурулар» атты оқу құралдарының авторлары болып табылады.
Өз шеберліктерін дәлелдей отырып, оқытушылар өз тәжірибесін белсенді түрде қорытындылайды. Дәстүрлі түрде колледжде колледж директоры, соғыс ардагері, дарынды басшы, Қарағанды қаласындағы ТжКББ жүйесін ұйымдастырушылардың бірі М. С. Рахымбековты еске алуға арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді, биылғы жылы 12 педагог өз зерттеулерін ұсынды, кейбір баяндамалар республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда жалғасын тапты. 2023 жылдың бірінші жартысында ғана 14 оқытушы 2 халықаралық және 2 республикалық конференцияға қатысты, ІІ Халықаралық әлеуметтік-педагогикалық инновациялар жәрмеңкесінде тәлімгерлермен жұмыс істеу бойынша өз тәжірибесін ішкі аурулар және мейіргерлік технологиялар ЦӘК педагогтары Г. А. Калиева мен Б.Б. Сұлтанғазина ұсынды.
Колледжде оқытушылар арасында «Зертханалық диагностика» Өңірлік кәсіби шеберлік байқауында біздің педагог А.С. Көпобаев жеңімпаз атанды, кейін республикалық байқауда 2 орын алды.
Педагогтар "Сарыарқа дарыны" ОӘО және РҒПО өткізетін конкурстар мен олимпиадаларға белсенді қатысады.
Біз колледжде жұмыс істейтін үш буын ардагер –тәлімгерлерімен мақтанамыз. Бұл ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздіктері К.М. Баймағамбетова, "Жыл дәрігер-педагогы" республикалық байқауының жеңімпазы, Н.И. Дреева, Б.Ш. Қуанышева, Б. М. Жұмабаева.
Қазіргі уақытта ұжымды Саттар Маратұлы Әбдіғұлов басқарады.
Педагогикалық ұжым үнемі шығармашылық ізденісте, колледжде кәсіптік білім берудегі заманауи инновациялық технологиялар саласындағы педагогикалық зерттеулер элементтері бар алаңдар жұмыс істей бастады: "Тимбилдинг. Ұжымды тәрбиелеу"," Оқытудағы АКТ".