Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі» КМК
Вейпинг туралы сауалнама
16.11.2023 күні Халықаралық темекіден бас тарту күніне орай,
колледждің бірінші курс студенттері арасында вейпинг туралы сауалнама
жүргізілді. Бұл күн қарашаның үшінші бейсенбі күніне сай келеді.Студенттер
ерікті түрде қатысты, жауаптары құпиялы және бейесімді болды.
Халықаралық темекіден бас тарту күнінің маңыздылығы бұл зиянды әдеттің
таралуын азайтуға үлес қосу, әр түрлі мамандықтағы дәрігерлер, әлеуметтік
деңгейдегі, әр түрлі ұйымдардың қызметкерлерін тарту, сонымен қатар,
азаматтарды темекі шегудің зияндылығы туралы хабардарлығын арттыру
болып табылады. Сауалнамаға жалпы саны – 242 студент қатысты.
Жүргізілген сауалнама талдауы бойынша қатысқандардың - 61 (25%)
жасөспірімдер, олардың жасы 16 екенін көрсетті. Студенттер вейпинг туралы
қайдан білетіні туралы маңызды болды. Сауалнамаға қатысқандардың басым
көпшілігі - 215 студенттер -( 88,1%) достарынан мен әр түрлі жарнама
көздерінен: әлеуметтік желілер, ірі супермаркеттер, вейп-барлар т.б.
Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, 85 студент (34,8% жалпы респонденттер
санынан) вейпті көрген екен, бірінші курс студенттер үлесті бөлігі
жасөспірім студенттер. Алайда, жасөспірімдердің көбі 55 студент (51,9%)
өмірінде бір рет қана көрген. 30 (28,3%) бір жағдайларда ғана, мысалы туған
күн кештерінде, достарымен жиналғанда, бұл өз алдына достарының
әсерінен, біреудің сыни пікірлерін қаламайтынын білдіреді.Вейпингпен 12
студент күнделікті вейпті қолданады, сұралғандардың санынан14,1% құрады.
Өзінің вейпке тәуелділігін 9 студент (10,5%)мойындап көрсеткен. Барлық
респонденттер вейп-тәуелділіктен арылуға болады деп есептейді. 24 студент
(16,4%) вейпинг стрессті жояды, 1/3 бөлігі (16 студент; 11 %) вейпинг рахат
әкелетінін айтқан. Жасөспірімдердің басым көпшілігі вейпингтің ағзаға
зияны туралы хабардар (94,3%) тыныс алу жүйесіне, жүрек-тамыр
жүйесіне(66,8%), және жүйке жүйесіне (62,3%) зиянды екенін көрсеткен.
Вейпті көрген студенттердің вейпингтен кейін немесе кезінде өзін сезіну
күрт нашарлауын байқаған, мысалы: жұтқыншақтың ауырсынуы - 35 (41,%),
жөтелу -33 (38,8%), ұйқының бұзылуы -14 (16,4%), тәбетің төмендеуі -17
(20%), бас айналу -30 (35,2%), ал 8 (9,4%) жасөспірмдерде есінен тану
байқалған. Зерттеулер көреткендей, бұл өзгерістердің вейпте болатын
сұйықтың құрамындағы токсинді қосылыстардың көп мөлшерде болуы жас
организмге оттегілік ашығуды тудырады.Жасөспірімдердің көпшілігі
вейпингтің денсаулыққа зиянды әсерін сезінеді,бірақ уақытша рахат сезіміне,
еліктеушіліктің болуына байланысты осы вейптің денсаулыққа әсері туралы
санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізуді талап етеді.