Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды облыстық жоғары медбикелер колледжі» КМК
Мейіргер ісіндегі зерттеулер: өзекті мәселелері
2024 жылдың 12 сәуірі күні «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры» оқу-әдістемелік бірлестігінің жоспарына сәйкес «Мейіргер ісіндегі зерттеулер: өзекті мәселелері» тақырыбына Республикалық студентік ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: мейірбике ісінің өзекті мәселелері бойынша жоғары медициналық колледждердің қолданбалы бакалавриат студенттерінің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін анықтау және қолдау
Конференцияның пленарлық отырысын «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК директоры Абдигулов Саттар Маратович ашты.
Конференцияның жұмысы 3 секция бойынша өткізілді:
1-секция. «Мейіргер ісіндегі сапа және қауіпсіздік». Модераторы: Балтаева Жанар Еркебековна, медицина ғылымдарының магистры. Сарапшысы: Майлыгулова Мейрамгуль Мадьяровна – директордық ТО бойынша орынбасары.
2-секция. «Мейіргер ісіндегі менеджмент». Модераторы: Смагулова Асель Адильхановна, медицина ғылымдарының магистры. Сарапшысы: Калиева Гульмира Абдикеновна – директордың ОІ жөніндегі орынбасары.
3-секция. «Пациенттерді өмір сапасын сақтауға үйрету». Модераторы: Миненханова Альфия Раисовна, «Ішкі аурулар және мейіргерлік технологиялар» ЦӘК төрайымы. Сарапшысы Баймагамбетова Кулайм Макуловна, тәжірибелі оқытушы, терпевт.
Конференцияға қатысу үшін 10 жоғары медициналық колледжден 46 өтініш қабылданды. 30 баяндама жасалды.