Меню KDT
logo.png?_=1708918045

Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының «Қарағанды ​​облыстық жоғары медбикелер колледжі» КМК

 

ОҚУҒА ТҮСУ

Вакансия жәрменкесі

1717048981718516.JPG

2024 жылдың 28 мамырында Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі  2024 жылдың түлектеріне жұмыспен қамту мақсатында «Вакансия жәрменкесін» ұйымдастырып, өткізді.

Құттықтау сөзінде, директор Абдигулов Саттар Маратович колледжімізде мұндай кездесулер дәстүрге айналғанын атап өтті. Екі тараптың – колледж мен жұмыс берушілердің ұдайы үйлестірілген бірлескен жұмысы білім сапасына әсер етіп, студенттеріміздің арасынан отандық денсаулық сақтау міндеттеріне бағдарланған жоғары кәсіби, кадрлық резервті қалыптастырады, деп атап өтті директор.

Барлығы биыл 342 түлек диплом алып шығады, соның ішінде «Мейіргер ісі», «Жалпы тәжірибедегі мейіргер» біліктілігі, «Емдеу ісі», «Фельдшер» біліктілігі, «Акушер ісі», «Акушер» біліктілігі, «Гигиена және эпидемиология», «Гигиенист- эпидемиолог» біліктілтігі, «Фармация», «Фармацевт» біліктілігі бойынша.

Бұл шараға облысымыздағы 50-ден астам медициналық ұйым қатысты. Аталған ұйымдардың өкілдері қызықты презентациялар жасап, түлектерге жас медицина мамандары үшін жасалған жағдайлар, атап айтқанда, әлеуметтік пакеттер – 3 миллион теңгеден тұратын жәрдемақылар, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ өсу перспективалары мен мүмкіндіктері туралы айтып берді, жас мамандардың біліктілігін арттыру.

Түлектер қызығушылық танытқан сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.