"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері"
2023-2024 оқу жылында «Мемлекеттік рәміздер» бойынша жоспарға сәйкес, Қарағанды облыстық жоғарғы мейіргерлік колледжінде келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:
1) 2023 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта күніне орай, Құрылысшылар 22 даңғылында орналасқан ҚОЖМҚ жатақхана студенттеріне облысымыздың ең ірі мұрайжайларының бірі - Қарағанды облыстық өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырылды. Мұражайдың 16 залы бар екен: археологиялық, Алтын адам залы, Қарағанды көмір бассейніне арналған зал, КарЛаг залы, ҰОС арналған зал, мемлекеттік рәміздерге арналған зал,Жердегі тіршіліктің пайда болуына арналған зал, қазақ халқының дәстүрлі қоғамына арналған зал, т.б. Әр залдың өзіне тән атмосферасы, энергетикасы болады. Балалар аралап жүріп, алған жағымды эмоцияларын жасыра алмай бір-бірімен бөлісіп жатты.
Мұражай, халықтың мәдени-білім деңгейін көтеруде, отансүйгіштікке тәрбиелеуде, тарихқа деген қызығушылықты оятуда, өткеннің мәдени-тарихи мұраларына назар аударуда маңызды рөл атқарады. Студенттер өте жоғары әсерленіп тарихқа бір үңіліп қайтты.
2) 1Ф7 тобының кураторы Г.С. Тулекеева төл валютамыз-теңгенің 30 жылдығына орай, «Валюта күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Мақсаты:
Студенттерге тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі — теңгемен таныстыру, төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Студенттергең бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Елін, жерін сүйіп құрмет тұтатын жас жеткіншектерді елжандылыққа тәрбиелеу.
3) 2024 жылдың 23 мамырында АӘД оқытушысы Р.М.Қайратов 1-3-9 МІ тобында мемлекеттік рәміздер тақырыбымен Алғашқы Әскери және технологиялық дайындықты қоса отырып қысқа метражды фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды.
4) 06.2024 ж. 1-Ф3 тобында «ҚР Мемлекеттік рәміздер» күніне арналған «Туым намыс, ұраным бірлік, рәміздерім мақтанышым» атты тақырыпта куратор сағаты болып өтті. Топ кураторы: Сулейменова Ж.Т.
Мақсаты:
І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ. Білімалушылардың есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.
ІІІ. Білімалушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге,халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
5) «ҚР мемлекеттік рәміздері Күнін» атап өту шеңберінде А.Ж.Мукашова 1Ф2-9 тобының студенттері арасында «Сен өз рәміздеріңді білесің бе?» атты викторина-сабақ өткізді. Студенттерге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін жан-жақты білуге арналған сұрақтар ұсынылды, олар осы тақырып бойынша белсенді жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Викторина өте қызықты және танымды өтті, өйткені топ студенттері екі командаға жиналды, онда олар регламентті сақтап, бір-бірін тыңдай алды.
Викторина барысында ұсынылған барлық міндеттер орындалды және студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімдері мен түсініктерін бекітті, бұл осы викторинаның маңызды нәтижесі болды.